"МузАрт" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев соңғы уақытта жеке өміріне қатысты сынның астында қалған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ниеттестігін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, әнші әлеуметтік желіде Қабатовтың концертінен алған әсерімен бөлісіп:
"Тұрсынбектің концерті өте жоғары деңгейде өтті. Құтты болсын!" – деп жазды.
Өз кезегінде Тұрсынбек Қабатов та бұл пікірді назарсыз қалдырмай, ризашылық танытты:
"Ертең де күтеміз", – деп жауап қайырды ол.
Айта кетейік, соңғы бір ай көлемінде әзілкеш Қазақстанның түрлі өңірінде гастрольдік сапармен жүр. Ал 2-3 желтоқсан күндері ол Алматы қаласында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.