Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқтар Серіков әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен түскен ерекше суретін жариялады (ФОТО)

Тоқтар Серіков әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен түскен ерекше суретін жариялады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында жастық шағынан қалған ескі фотосуретін бөлісіп, өткен күндерді сағынышпен еске алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Instagram желісінде жариялаған жазбасында уақыттың тез өтетінін айтып, жастық шақтың қайтып келмейтін кезең екенін атап өтті.

"Қайран жастық шақ... Алдымызда не күтіп тұрғанын білмей, алаңсыз жүрген кездер еді. Қазір сол күндер сағынышқа айналды. Қартайып тұрған жоқпыз ғой, бірақ ол қайта оралмайтын уақыт. Өкініштісі – сол", – деп жазды әнші.

Жарияланған суретте Тоқтар Серіковтің жастық шағындағы бейнесі көрінеді. Фотода сондай-ақ танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та бірге түскен.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі жылы пікірлер қалдырып, өнер иесінің жастық шағын бірге еске алып, сағыныш білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер