Жұмыс іздеп жүрген азамат құлдыққа қалай түскенін айтып берді (ВИДЕО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мейірман Шекеев Аша Матайды сотқа беруі мүмкін екенін мәлімдеді (ВИДЕО)

Мейірман Шекеев Аша Матайды сотқа беруі мүмкін екенін мәлімдеді (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайдың сөзіне жауап беріп, сотқа жүгінуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Аша Матайдың айтқан пікіріне жауап берді.

Құқық қорғаушы тележүргізушінің сөзін түсінбегенін айтып, оған наразылығын білдірді. Сонымен қатар Аша Матайдың айтқандарына жауап беретінін және қажет болған жағдайда сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді.

“Аша Матайдың сөздерін маған түсінікті тілге аударып беретін маман барма? Мен не дедім, домбырам не дедінің сиқы болып, түсінбей дал болып отырмын. Тәрбиесі, көкірегі тағы басқасы несі?

Аша Матай дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің не қатысы бар екенін білмеймін. Десе де мен оған толық жауап беремін.

Мен Аша Матайды сотқа беруім де мүмкін. Менің сөзімді бұрмалағаны үшін”, – деді Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, бұған дейін Мейірман Шекеев Аша Матайды ашық пікірталасқа шақырған болатын. Алайда тележүргізуші ұсыныстан бас тартып, қазақ қызының ер адаммен сөз таластыруы дұрыс емес екенін айтқан еді.

Осыдан кейін екі тараптың пікіріне қатысты әлеуметтік желіде түрлі талқылау пайда болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер