Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясынан» кандидат ретінде тіркелген Аша Матайдың өзіне қатысты мәлімдемесіне жауап берді. Оның айтуынша, тележүргізуші оның айтқан сөзін дұрыс түсінбей, мағынасын бұрмалаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Шекеев Аша Матайдың пікірталасқа қатысудан бас тартуына қатысты айтқан уәжіне де тоқталған. Заңгердің пікірінше, бұл жағдайда тәрбиені алға тартудың орындылығы күмән тудырады.
«Аша Матай менің меңзеген ойымды дұрыс түсінбеген сияқты. "Тәрбие" дегеннің бұл мәселеге қандай қатысы бар екенін түсінбедім. Дегенмен оның айтқандарына толық жауап беремін», – деді Мейірман Шекеев.
Сонымен қатар заңгер өзіне қатысты айтылған сөздерге құқықтық тұрғыдан баға беруді көздейтінін айтып, қажет болған жағдайда сотқа жүгінуі мүмкін екенін жеткізді.
«Мен Аша Матайды сотқа беруім де мүмкін. Себебі ол менің сөзімді бұрмалап жеткізді», – деп мәлімдеді ол.