Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Медеудегі өрт: Қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 13 млн теңге беріледі

Медеудегі өрт: Қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 13 млн теңге беріледі

Іле-Алатау табиғи саябағындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушінің мұрагерлеріне 13 млн теңге көлемінде бір реттік өтемақы төленеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Сонымен қатар жерлеу шығынына 600 мың теңге көлемінде өтемақы беріледі, жерлеуге кеткен барлық шығынды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өз мойнына алды.

"Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті мемлекеттік наградамен марапаттау туралы президент әкімшілігіне ұсыныс жолдады. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігіне Құрманбековтың анасына әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй бөлуді қарастыру үшін өтінішхат жіберілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Автор
Еркебұлан