"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Медбике көз жұмардан бұрын коронавирустың азапты белгілерін айтып үлгерді - Қазақстан жаңалықтары

Медбике көз жұмардан бұрын коронавирустың азапты белгілерін айтып үлгерді - Қазақстан жаңалықтары

Шотландиялық медбике коронавирус жұқтырып, 60 жасқа толғанан кейін бірнеше күн өткен соң көз жұмды. Алайда, ол коронавирустың адам жаны мен тәнін қинайтын белгілерін айтып үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауру кезінде медбике Анджела Каннингем Facebook-тегі достарымен өзінің денсаулығы туралы жаңалықтарын хабарлап, симптомдарды сипаттаған. Әйел отбасына және достарына қамқорлығы үшін алғыс айтып, екі күн бойы жүрегі айнығанын, бірақ жөтел болмағанын және кеуде тұсының ауырмағанын атап өтті. Ол ауруханаға жатқызар алдында бұлшық еттері мен байламдардағы ауруға шағымданған.

Ауруханада әйел бір апта бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оның інісі Вилли Паттерсон Facebook-те, Анджела Каннингемнің әрдайым өзінің сүйікті ісімен айналысқанын және отбасымен, достарымен және әріптестерімен бірге басқа адамдарға қамқорлық жасағанын жазды.

"Мен оны бұдан былай ешқашан көрмейтініме сене алмаймын", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Каннингем денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.


stan.kz
Автор
Данияр