Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Меценат өз қаржысына Шерзат Полаттың отбасына үй салып бермек (ВИДЕО)

Меценат өз қаржысына Шерзат Полаттың отбасына үй салып бермек (ВИДЕО)

Қазақстандық қоғам белсендісі Айтбек Амангелді Талғарда қайғылы жағдайда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасына меценаттың қаражатына үй салынатынын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Айтбек Амангелдінің парақшасында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың отбасына арналған үй тек меценаттың қаражатына салынатыны айтылған. Айтбек Амангелді пікірлерде әртүрлі есепшоттар арқылы қаражат жинау туралы ақпарат таралып жатқандықтан, алаяқтық қаупі бар екенін ескерткен,  деп жазады Stan.kz.

“Жиналған қаражатқа қатысты қосымша түсініктемелер:

Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды.

Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз.

Қазіргі пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болып, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар. Реквизиттерді нақтылау үшін ақпартатты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады. Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз.

Перизат ешқандай қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып саналмайды және ол біздің сенім білдірушіміз немесе қамқорлығымыздағы тұлға емес. Оның өз адвокаттары және қоғамдық қайраткерлері бар. Осы жинақты бізбен және Қаржаумен байланыстырмауларыңызды сұраймыз", – деп жазды Айтбек Амангелді.


фото: Айдана Дайырова\Sputnik
Автор
Айбар

Журналист