"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мбаппе “Қайратқа” қарсы ойында жарақат алғанын хабарлады

Мбаппе “Қайратқа” қарсы ойында жарақат алғанын хабарлады

Мадридтің "Реал" клубының жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен "Қайратқа" қарсы матчтан кейін жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпараттық агенттігі Ondocero радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналис Альберто Перейроның айтуынша, Мбаппе матчтың екінші таймында тобығын созып алғанымен, кездесуді соңына дейін жалғастырған. Кейін ол "Вильярреалға" қарсы ойында да алаңға шыққан. Алайда сол ойыннан кейін шабуылшы тобығындағы ауырсынуға шағымданған.

Осыған байланысты Килиан Мбаппе командамен бірге толық жаттығуларға қатысқан жоқ. Қазір футболшы жеке тәртіпте қалпына келтіру жаттығуларын жасап, медициналық ем қабылдап жүр.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Алматыда өткен матчта "Қайрат" өз алаңында "Реалды" қабылдаған еді. Матчтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойын барысында Килиан Мбаппе 3 рет гол соғып, хет-трик авторы атанды. Сонымен қатар Эдуарду Камавинга мен Браим Диас та бір-бір голдан соқты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.