"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәжіліс қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады

Мәжіліс қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады

Мәжіліс 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында қылмыстық құқық бұзушылық жасағандарға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады, - деп хабайлайды KZNEWS.KZ порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қылмыстық теріс қылықтар жасаған, тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылады, сотталғандар жазадан босатылады, ал жазасын өтегендерден соттылық алынады", – делінген заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің қорытындысында.

Ауыр қылмыс жасаған адамдарға соттармен тағайындалған жазалар¾, аса ауыр қылмыстар ½ – ге қысқартылады.

Бұл ретте, рақымшылық жасау туралы Заң қолданысқа енгізілген күні сотталғандардың бір жылдан аспайтындай жаза өтеу мерзімі қалса, онда қалған уақыттың барлығы қысқартылады.

Сондай-ақ қылмыстар немесе қауіпті қайталаған террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық, жаппай тәртіпсіздіктер, азаптаулар, кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген қылмыстарды жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

фото: telegraf.ua.com

Автор
Нұрсұлтан