Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің: "Кез келген қазақстандық үшін орыс тілін білу — бұл объективті артықшылық, сондықтан бұл игіліктен бас тарту негізсіз болар еді" деген пікірін сынады.
Естеріңізде болса Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин: "Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп нақты жазылған.
Кез келген қазақстандық үшін орыс тілін білу — бұл объективті артықшылық, сондықтан бұл игіліктен бас тарту негізсіз болар еді" деп мәлімдеген болатын.
Осыған орай депутат Қазыбек Иса: "Миллион қазаққа
бір-ақ мектебі бар Ресей елшісінің біздің тілімізге араласуға қандай құқы бар?" деп өз ойын ашық айтты.
