| Күні:21.01 | Мұғалімнің аты-жөні: |
| Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақ тақырыбы | Мәтін есептер шығару | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.5.2.3жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т.б.); |
| Сабақ мақсаттары | Мәтін есептің математикалық моделін құрап, бірлесіп орындалатын жұмыстарға және қозғалысқа қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту. Бекіту сабағы. |
| Бағалау критерийлері | Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер:«ағыспен», «ағысқа қарсы», «көлде» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;есепті шығару жоспарын құрастырады;мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады. |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар- мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;- мәтін есептердің шешімін түсіндіреді; - практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды. |
| Құндылықтарды дарыту | Ашықтық, ұйымшылдық, академиялық шындық. |
| Пәнаралық байланыстар | Физика |
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс |
| Бастапқы білім | Жай бөлшектерге амалдар қолдану |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы 3 мин 3 мин Сабақтың ортасы 5мин | Ұйымдастыру кезеңіАмандасу. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру.BRAIN GYM (Миға шабуыл)Сұрақтың орнына қандай сан қою керек?Али -21Гани -22Максат -24Саламат -? Жауабы: 34Өткен білімді бекітуОқушылар мұғалім қойған сұрақтарға қол көтеріп ауызша жауап береді. 1.Бүтіннің бөлігі бөлшекпен берілсе, бұл бөлікті қалай табамыз? Жауабы: Бүтінді бөлшектің бөліміне бөліп нәтижені оның алымына көбейту керек. 2. Егер ізделінді бүтіннің бөлігі бөлшекпен өрнектелген болса, бұл бүтінді қалай табамыз ?Жауабы: Берілген бөлікті бөлшектің алыма бөліп және нәтижені оның бөліміне көбейтеміз.3. Бірлесіп жұмыс істеу есептерінде қандай өлшемдер қолданылады? Жауабы: Жұмыс, өнімділік, уақыт. 4. Жұмыстың өнімділігі дегеніміз не? Жауабы : Өнімділік бұл уақыттың бірлік өлшемінде орындалған жұмыстың бөлігі.5. Өнімділікті салыстыруға бола ма? Бұл салыстыру нені көрсетеді? Жауабы: Өнімділік неғұрлым көп болса, соғұрлым жұмыс көп жасалынады. 6. Қайықтың меншікті жылдамдығы дегеніміз не? Жауабы: Қайықтың тынық судағы (көл) жылдамдығы. 7. Ағыс жылдамдығы дегеніміз не? Жауабы: уақыттың бірлік өлшемінде затты қанша арақашықтыққа апаратынын көрсетеді.8. Өзен ағысымен жүзген қайықтың қалай табамыз? Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын қосамыз 9. Өзен ағысына қарсы жүзген қайықтың жылдамдығын қалай табамыз ? Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын айырмасын табамыз10. Салдың өзен бойындағы жылдамдығын қалай табамыз? Жауабы: өзен ағысына тең. | http://www.matematikus.info/arifmetika/zadachi_na_drobi.php |
| 15 мин 12 мин | Тапсырмалар сыныптың қабырғаларына, тақтаға ілінеді. Оқушылар кез-келген бір есептен бастап шығарып бастапқы шығарылған есебіне қайтып келеді. Мұғалім есептің жауабын сандық тізбек арқылы тексере алады. Екі жұмысшы кейбір жұмысты бірігіп 6 сағатта орындайды. Олардың бір өз бетімен сол жұмысты 15 сағатта жасайды. Екінші жұмысшының жұмыс өнімділігін табыңыздар. Жауабы: 10Айдар және Қанат қысқа ағаш дайындап қоюға келісті. Егер Айдар ағашты өзі жалғыс шабатын болса оған 11 күн, ал Қанатқа бұл жұмысқа 9 күн керек болады. Жалпы жұмыс өнімділігін табыңыз. Жауабы: 20/99Хауыз бір құбыр арқылы 7 сағат , ал екіншісі арқылы 8 сағатта толады. Екі құбырды да ашып қойса хауыз неше сағатта толады? Жауабы: 56Компьютер ойынын аяқтау үшін Серік жалпы 42 сағат жұмсады. Егер ол әр күн сайын ойынның -ін ойнайтын болса Серік күніне неше сағат ойнаған? Жауабы: 3Ақерке үйден мектепке дейінгі жолға 18 минут уақыт жоғалдады. Жолдың бөлігін жүруге неше минут кетеді? Жауабы: 12Ағаш өңдеуші 48 тақтай жасауы керек. Егер 1 күн ішінде ол жұмыстың -ін орындайтын болса барлық жұмысқа неше күн кетеді? Жауабы: 6Жұппен жұмыс Оқушылар есептерді жұппен талдай отырып шығарады. Оқушылар өздерінің жұмысын дискрипторлар бойынша бағалай алады: Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 10 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Егер жағалаулардың арақашықтығы 24 км болса моторлы қайық біріншісінен екіншісіне және кері қайтуға қанша уақыт жұмсайды?Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Егер жағалаулардың арақашықтығы 36 км болса моторлы қайық біріншісінен екіншісіне және кері қайтуға қанша уақыт жұмсайды?Катердің меншікті жылдамдығы 18 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Катердің ағыс жылдамдығымен және ағысқа қарсы жылдамдығын табыңыз. Жағалаулар арасындағы қашықтық 80 кмге тең. Катер біріншісінен екіншісіне және кері қайтуға қанша уақыт жұмсайды?Катердің меншікті жылдамдығы 12 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 3 км/сағ. Катердің ағыс жылдамдығымен және ағысқа қарсы жылдамдығын табыңыз. Оның 3 сағатта ағыспен жүріп өткен арақашықтығын табыңыз? | |
| Сабақтың соңымин | Үй жұмысын беру. “Мәтін есептер шығару” тақырыбына есептер құрастыру және келесі есептерді шешу.Вини Пух 2 бәнкі балды 2 сағатта жейді, ал оның досы Пятачок 3 сағатта жейді. Осындай жұмыс өнімділігімен бірігіп сондай балды неше сағатта жейді? Қайық 6 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзен ағысымен жүзеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Қайық 3 сағатта қанша қашықтық жүзіп өтеді?РефлексияСабақта үйренген 3 нәрсе ...Сабақта орындаған 2 тапсырма …Жауабын білгім келетін 1 сұрақ…?Оқушылар өздерінің жұмысын критерийлер бойынша бағалай алады: - «осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;- есепті шығару жоспарын құрастырады;- мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады. | |
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. | Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды. | Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. |
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
| |
| Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |