"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадты уламақ болған – БАҚ

Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадты уламақ болған – БАҚ

Сириядағы адам құқықтары орталығы (SOHR) Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадты әлдекімдердің уламақ болғаны туралы мәлімдеді.  Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ұйымның мәліметінше, Асад дүйсенбі күні Мәскеу маңындағы ауруханадан шыққан. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Емделу кезінде оған тек інісі Махир Асад пен президент аппаратының бұрынғы бас хатшысы Мансур Аззам ғана кіре алған.

Дереккөздердің айтуынша, қастандықтың мақсаты — Ресей үкіметін ыңғайсыз жағдайға қалдырып, оны экс-президенттің өліміне айыпты етіп көрсету болған. Ресей тарапы бұл оқиғаға ресми пікір білдірген жоқ.

Бұрынғы президент Башар Асад билік ауысқаннан кейін Сириядан кетіп, Ресейде саяси баспана алып, қорғалған жағдайда тұрып жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.