7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәскеуде Қырым татарларын қолдау акциясын өткізген белсенділер ұсталды

Мәскеуде Қырым татарларын қолдау акциясын өткізген белсенділер ұсталды

Мәскеудегі Қызыл алаңда полиция жеті Қырым татары белсендісін ұстады. Олар Қырым аннексиясынан соң Ресей билігінің "терроризммен күрес деген желеумен татарларды қудалау науқанына" қарсылық білдіріп, акция ұйымдастырған.

Белсенділер қолында "Балаларымыз - террорист емес", "Қырымдағы терроризммен күрес - басқаша ойлайтындармен күрес" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған. Полиция белсенділерді "Қытай-қала" бөлімшесіне әкеткен.

Ресейлік "Дождь" арнасының жазуынша, алаңдағы акция "Хизб ут-Тахрир" ұйымының қызметіне қатысы бар деп сотталған төрт Қырым татарына шыққан үкімге түсірілген шағым Жоғарғы сотта қаралар тұста өткен. "Хизб ут-Тахрир" Ресей мен Қазақстанда тыйым салынған, бірақ Украинада қызметіне шектеу қойылмаған. Былтыр желтоқсанда төрт азамат "террористік топ қызметіне қатысқаны үшін" 9-17 жылға дейін сотталған еді.

Ресейдің күштің құрылымдары "Хизб-ут Тахрирға" мүше болуы мүмкін деген азаматтарды Қырымда ғана емес, Татарстанда да ұстаған. Биыл көктемде он азамат 17 жылға дейін түрме жазасына кесілген.

Құқық қорғаушылар бірнеше елде заңды түрде жұмыс істейтін, экстремистік ұйым деп саналмайтын "Хизб ут-Тахрир" мүшелерін қудалауды доғаруға бірнеше рет үндеген. Діни қозғалыстың Ресейде қамалған не сотталған көп мүшесі саяси тұтқын деп танылған.


Azattyq
Автор
Әлихан