"Ойын" алаңына айналған Ормуз: бұғаздың қайта жабылуы қаншалықты қауіпті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мәсімовтың экс-күйеу баласы Ресейде қамалды

Мәсімовтың экс-күйеу баласы Ресейде қамалды
Фото: ulysmedia.kz

Ағайынды Азамат және Медер Қапеновтер «ПТД» ЖШС-нің 25 пайыз үлесін заңсыз иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, олар кәсіпкер Анатолий Балушкинге корпоративтік және қаржылық мәселелерді шешуге көмектесуге уәде беріп, 2021 жылы компания үлесін Медер Қапеновтің атына рәсімдеткен. Кейін Балушкинмен байланысын үзген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 52 млн рубльге бағаланып отыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Азамат пен Медер Қапеновтер ұсталған жағдайда бірден қамауға алынады.

Айта кетейік, «Азия Авто – БИПЭК» компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкин Қазақстанда алаяқтық және салық төлеуден жалтару ісі бойынша сырттай 9 жылға сотталған. Ал оның бұрынғы серіктесі Ерік Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар Азамат Қапенов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке де ілінген. Оған халықаралық іздеу жарияланып, сот қамауға алу туралы санкция шығарған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.