5 айда - 7 пайыз: ішкі инвестиция көлемі өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бірнеше азаматтығы болуы мүмкін”: Мәсімовтың экс-күйеу баласына қатысты жаға ұстатарлық деректер шықты

“Бірнеше азаматтығы болуы мүмкін”: Мәсімовтың экс-күйеу баласына қатысты жаға ұстатарлық деректер шықты
Фото: ulysmedia.kz

Халықаралық іздеуде жүрген Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Қапеновтің азаматтығына қатысты жаңа сұрақтар туындады. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Қапеновте бірнеше елдің паспорты болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Азамат Қапенов Қырғызстанның Қаракөл қаласында дүниеге келген. Кейін Қазақстанға қоныс аударып, 2001 жылы тарихи отанына оралу бағдарламасы аясында Қазақстан азаматтығын алған. Заң бойынша ол сол кезде Қырғызстан азаматтығынан бас тартуы тиіс болған.

Алайда журналистің айтуынша, Қапенов қазір де Қырғызстанның жарамды паспортына ие болуы мүмкін. Бұл екі елдің заңнамасына қайшы келеді. Өйткені сол кезеңдегі талаптарға сәйкес Қазақстан азаматтығын алған азамат Қырғызстан азаматтығын сақтай алмайтын еді.

Бұған қоса, 2016 жылы Қапеновтің қазақстандық құжаттары Ресей азаматтығын алғаны үшін жарамсыз деп танылған. Осыған байланысты оның азаматтық мәртебесіне қатысты күмән күшейіп отыр.

Қазіргі уақытта Азамат Қапеновке Қазақстан мен Ресейдің сұрауы бойынша халықаралық іздеу жарияланған. Қазақстанда оған алаяқтық жасау және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану айыптары тағылып отыр. Тергеу дерегінше, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 5 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ жақында Мәскеу соты Азамат және Медер Қапеновтерді сырттай қамауға алып, халықаралық іздеу жариялады. Олар кәсіпкер Анатолий Балушкиннің арызы негізінде «ПТД» ЖШС-дегі 25 пайыз үлесті заңсыз иемденді деген күдікке ілінген. Іс бойынша келтірілген шығын шамамен 52 млн рубль деп бағалануда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.