KZNEWS.KZ
Әлем

Марқұмға 30-дан аса оқ тиген. Полиция бөлімінде атыс болып, тұрғын өлді (видео)

• Данияр

Дағыстанда Росгвардияның екі қызметкері 34 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен қамалды. Ол бір күн бұрын Махачкаладағы полиция бөлімдерінің бірінде атып өлтірілген.



Жергілікті басылымдар жазғандай, марқұм – Новолакс ауданы Новокули ауылының басшысы болған. "Кавказский узел" басылымы оқиғаға жер таласы себеп болуы мүмкін деп жазады.

Ақпаратқа қарағанда, Абакар Каплановты ОМОН-да істеген егіз Курбановтар атқан. Марқұмға отыздан аса оқ тигені айтылуда.

Осы оқиғадан кейін Совет ауданындағы полиция бөліміне марқұмның 300-ден аса туысы мен танысы жиналған. Оларды республиканың ІІМ басшысы Магомед Абдурашидов тыныштандыруға әрекет жасаған.









Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →