Шоу-бизнес

“Балалары ренжиді”: Олжас Абайдың жұбайы жұрт күтпеген мәлімдеме жасады

“Балалары ренжиді”: Олжас Абайдың жұбайы жұрт күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жары, әнші Аймира Аман көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасап, жеке өміріне қатысты біраз жайттың бетін ашты, деп хабарлайды kznews.kz.

Аймира Аманның айтуынша, ол Олжас Абаймен алты жыл бұрын, яғни 2018 жылы ресми түрде ажырасқан. Әнші бұл шешімнің оңай болмағанын айта келе, некеде болған келіспеушіліктер жайлы да тоқталды.

«Отбасында айып тек бір адамда болмайды. Мен де, ол да пендеміз. Өзімді мінсіз, ақтаңдақ адам ретінде көрсеткім келмейді. Үй болған соң, анда-санда ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Екеуміз де тырыстық, дегенмен, өкінішке қарай, отбасымызды сақтап қала алмадық. Өз жағдайыма қарайтын болсам, ажырасу – дұрыс шешім болды. Бір сөзбен айтқанда, дәм-тұзымыз жараспады», – деді ол.

Аймира балалар мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, актер әке ретінде балаларына сирек уақыт бөледі, ал бұл жағдай бүлдіршіндерге ауыр тиген.

«Балалар әкелерін сағынады, ренжитін кездері де болады. Ара-қатынас өте жиі емес», – деді ол.

Сонымен бірге, әнші қазіргі тұрмыстық жағдайы туралы да ашық айтты. Оның сөзінше, өз баспанасы жоқ, қазір анасы және балаларымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

«Біз қазір пәтер жалдап өмір сүріп жатырмыз. Балалар анам екеуіміздің тәрбиемізде. Олжас биыл балалардың атына пәтер алып беремін деп уәде еткен. Сол уәдесін күтіп жүрміз», – деді Аймира Аман.

Желі қолданушылары арасында бұл мәлімдеме қызу талқыланып, жұрттың алуан түрлі пікірін тудырды. Аймира болса, жеке өмірін жария етуінің мақсаты – ешкімді кінәлау емес, тек шындықты ашық айту екенін жеткізді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz