«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мароккода жойқын жер сілкінісі кезінде қаза тапқан адамдар саны екі есеге артты

Мароккода жойқын жер сілкінісі кезінде қаза тапқан адамдар саны екі есеге артты
Солтүстік Африка еліндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге дейін жетті, деп хабарлайды Kznews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Марокко ІІМ жер сілкінісінің ошағына жақын провинцияларда жүздеген адам қаза тапқанын хабарлады. Министрлік залалдың көп бөлігі қалалардан тыс жерлерде болғанын нақтылады.

Жергілікті атқарушы органдар қайғылы жағдайлар техника оңайшылықпен жете бермейтін таулы аймақтарда болғанын айтады.Мароккода бір күн бұрын 6.9 баллдық күшті жер сілкінісі болды. Жергілікті БАҚ бастапқыда 296 адам қаза тапқаны туралы хабарлады. Көптеген ғимараттар қирандыға айналды. Елдің кейбір аймақтары жарық қалып, су құбырлары да ішінара бүлінген.

Жер асты дүмпулері ел астанасы - Рабаттан корольдіктің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.

Жер сілкінісінің ошағы миллионға жуық халқы бар елдегі ең ірі қалалардың бірі - Марракештен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан. Қала тұрғындарының көпшілігі дүрбелеңге салынып, үйлерін тастап кетті, өйткені олар  зілзала тағы қайталанады деп қауіптенеді.

фото: zakon.kz
Автор
Айбар