Марко Рубио: Путин Украинадағы соғыста жеңіске жете алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Марко Рубио: Путин Украинадағы соғыста жеңіске жете алмайды

Марко Рубио: Путин Украинадағы соғыста жеңіске жете алмайды
Фото: rbc.ru

"АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейдің Украинадағы соғыста жеңіске жетпейтінін мәлімдеді" деп жазады The Moscow Times басылымы.

Ол бұл туралы WABC радиосына берген сұхбатында айтқан көрінеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының айтуынша, қазіргі таңда Ресей армиясының майдандағы жағдайы өте күрделі. Ол соғыстың екі тарапқа да үлкен шығын әкеліп отырғанын атап өтті.

- Бұл соғыс екі тарапқа да зиян. Украинаға зардабы тиіп жатыр, ал Ресей үшін де соғыс жойқын сипатта, – деді Рубио WABC радиосына берген сұхбатында.

Мемлекеттік хатшының пікірінше, соғыс түптің түбінде келіссөздер арқылы аяқталады. Сондықтан тараптардың бейбіт келісімге неғұрлым ертерек келуі адам шығыны мен қирауды азайтады.

Рубио АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресей мен Украина арасындағы қайшылықтарды дипломатиялық жолмен шешуге күш салуды жалғастыратынын айтты. Алайда, қазір Мәскеу мен Киевтің бейбіт келісімге келуге деген ниеті байқалмайды.

Айтпақшы, бұған дейін Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленский мен Дональд Трамп кездескен болатын. Кездесуде АҚШ президенті Ресей мен Украина арасында бейбіт келісім жасау мүмкіндігі бар екенін айтқан-ды. Трамп соғысты аяқтайтын уақыт келгенін мәлімдеп, бұл мәселені Ресей президенті Владимир Путинмен де талқылап жүргенін жеткізді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.