ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марат Омаровтың анасы қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Марат Омаровтың анасы қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Танымал қазақстандық әнші Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" деп баласы ән арнаған Сұлухан әжей өмірінің 96 жасында дүние салыпты. 

Бұл туралы Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты. 

"Бүгін Алланың қалауымен мамыр айының 9 күні асыл әжеміз бақилық болды. Апатайым. сізді жанымдай жақсы көремін. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын. Жарқын бейнеңіз мәңгі есімізде", - дейді Зарина Омарова. 

Әншінің өзі анасының қайтыс болғанын растап отыр: кейуана инсульттан көз жұмған. 

Сондай-ақ қарт әжейдің жаназасы 10 мамыр күні Шымкентте болатыны айтылды.

Stan.kz редакциясы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады!

 

stan.kz
Автор
Данияр