"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марат Омаров екінші некесінен туған қызын тұрмысқа берді

Марат Омаров екінші некесінен туған қызын тұрмысқа берді
Марат Омаровтың ортаншы қызы тұрмысқа шықты.

Ақ босаға аттап, келін атанған Зульфияның тойы Нұр-Сұлтанда дүркіреп өтті.

Ал қазіргі уақытта үшінші әйелімен АҚШ-та тұрып жатқан композитор қызының қуанышына келе алмады.

Марат Омаровтың алғашқы некесінен Зарина, Мадина есімді қыздары мен Азамат есімді ұлы болса, екінші некесінен туған перзенті осы –  Зульфия. Әке жолын қуған балаларының бірі де осы қыз. Өзі Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжін "актер" мамандығы бойынша бітірген. Осы уақытқа дейін отандық телехикаялар мен бейнеклиптерде, шоуларда бой көрсетіп үлгерді. Одан бөлек, әншілік қабілеті де бар.

Марат Омаров Зульфияның анасымен қызы 5 жаста болғанда ажырасып кеткен. Бүгінде үшінші рет отау құрған композитор жұбайымен және кенже қызымен Америкада тұрып жатыр. Ол ортаншы қызының тойына мұхиттың арғы жағынан жете алмады. Есесіне үлкен қызы Зарина әкесінің орнын жоқтатпады.

Автор
Айбар