Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстаулық асабалар интим видеосы тараған асабаға жабылып қарсы шықты

Маңғыстаулық асабалар интим видеосы тараған асабаға жабылып қарсы шықты
Фото: ашық дереккөз

Ел ішінде «Хан» деген лақап атпен танылған тамада мен оның жұбайына қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Осы жағдайға байланысты Маңғыстау өңірінің асабалары ресми пікір білдіріп, аталған азаматтың той жүргізуіне қарсылық танытты. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіде кеңінен таралған бейнежазба тек өнер адамдары арасында ғана емес, жалпы қоғамда үлкен резонанс туғызған.

Асабалардың сөзінше, көпшілік сын айтып жатқанымен, дауға іліккен азамат Маңғыстау өңірінің тумасы емес әрі бұл аймақтың өнері мен тәрбиесін көрмеген. Сондықтан олар бұл жағдайды бүкіл өңір асабаларына жабуға қарсы екенін жеткізді.

Сондай-ақ олар мұндай әрекетке барған адамның жастарға үлгі бола алмайтынын айтып, оның той басқаруына жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, асабалар видеоны таратты делінген жас жігіттің жағдайына да алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, оқиға жан-жақты тексеріліп, тек кінәлі тұлғалар ғана заң аясында жауапқа тартылуы қажет.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.