Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда жол апатынан көз жұмған 10 адамның аты-жөндері жарияланды

Маңғыстауда жол апатынан көз жұмған 10 адамның аты-жөндері жарияланды
Ашық дереккөзден

11 қыркүйек сағат 15:40 шамасында Қарақия аудандық полиция бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына аудан прокуроры, Қарақия АПБ-нің жедел-тергеу тобы және кезекші прокурор шыққан.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қарақия ауданы аумағындағы Бекет-ата – Шопан-ата тас жолында Ермұханбет Сарманов басқарған «TOYOTA HI ACE» автокөлігі жол апатына ұшыраған. Көлікте жүргізушімен бірге 12 жолаушы болған.

Жол апаты салдарынан 8 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам кейіннен қаза тапты: біреуі ауруханада, біреуі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Қарақия АПБ мәліметінше, апаттан қаза тапқандардың аты-жөндері мынадай:

  1. Рахима Сатбалдыева — 02.03.1960 ж.

  2. Гүлсім Аманжолова — 25.08.1969 ж.

  3. Агорн Джимбаева — 15.12.1958 ж.

  4. Ғалия Оразбаева — 04.07.1989 ж.

  5. Сәуле Измайлова — 14.11.1968 ж.

  6. Лариса Виденская — 10.12.1969 ж.

  7. Наталья Вострецова — 26.06.1974 ж.

Жарақат алғандар:

  • Салия Айнабекова — 14.06.1967 ж.

  • Ольга Калачева — 25.03.1960 ж.

  • жүргізуші Ермұханбет Сарманов — 13.12.1964 ж., Маңғыстау облысының тумасы.

Қаза болған тағы үш жолаушының жеке басы анықталып жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.