“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда теңізден құтқарылған қыздардың оқиғасы: ТЖМ жазаланатынын айтты

Маңғыстауда теңізден құтқарылған қыздардың оқиғасы: ТЖМ жазаланатынын айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Каспий теңізінде құтқарылған қыздардың жазаланатынын айтты. Бұл туралы kznews.kz сайты хабарлайды.

"Маңғыстау облысында матрасқа мінген үш қызды толқын теңізге қарай ағызып әкеткен еді. Дәл осындай жағдай кейіннен Қапшағайда да орын алды. Мұндай жағдайға тап болған жандарға қандай шара қолданылады? Бұл жағдайда адамдарды жазалау керек пе?" – деп сұрады журналистер.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бұған жауап ретінде Маңғыстау облысындағы оқиғаға қатысты жазалау шаралары қолға алынғанын түсіндірді.

"Қыздардың ағасы балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Ерасыл Сайпаш.

Автор
Айбар