Елден кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев жұмыстан кетті. Бұл туралы Kznews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиеваның айтуынша, қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті.
Фото:orda.kz«Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адам тәртіптік жазаға тартылмады», – деді Гүлжайна Бисенғалиева.