Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып, көз жұмды

Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып, көз жұмды
Фото: pexels.com

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні мектеп ұжымының табиғат аясындағы демалысы кезінде болған. Ер адам кәуапқа қақалып, әріптестерінің көз алдында көз жұмған. Полиция бұл дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына демалуға барған. Табиғат аясындағы дастархан барысында 56 жастағы ер адам кәуап сүйегіне қақалып, оқиға орнында қайтыс болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

- Тергеушілер жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясындағы демалыс кезінде барынша сақ болуға шақырады, - делінген хабарламада.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.