110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда мектеп директорының жұбайы еден жуушының шелегін теуіп жіберген: тексеріс басталды

Ақтауда мектеп директорының жұбайы еден жуушының шелегін теуіп жіберген: тексеріс басталды
Фото: видеодан алынды

Ақтаудағы Tulpar School жекеменшік лицейінде әйел адамның еден жуушының су толы шелегін теуіп жіберген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, ол – оқу орны директорының жұбайы. Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысының Білім басқармасы арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйелдің тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген қызметкердің су толы шелегін аяғымен теуіп жібергені көрінеді. Оқиға желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде осы жағдайға байланысты полицияға арыз түскені туралы ақпарат тарады.

Маңғыстау облысының Білім басқармасы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Комиссия жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, тараптардың түсініктемесін тыңдайды.

Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Білім басқармасы мәселені бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі