110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы оқиға: 300-ден астам адамнан жауап алынды, 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Каспийдегі қайғылы оқиға: 300-ден астам адамнан жауап алынды, 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Қылмыстық іс аясында 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сараптама жүргізілген. Қазір сегіз лауазымды тұлға қамауда отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істі Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары тергеп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілген. Қазірге дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу тағайындалған.

Қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен сот санкциясы арқылы сегіз лауазымды тұлға қамауға алынған.

Олардың қатарында:

Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы;

оның бірінші орынбасары;

жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары;

екі әскери бөлімнің командирлері;

теңіз жаяу әскері батальонының командирі;

теңіз жаяу әскері ротасының командирі;

катер капитаны бар.

Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректерін жариялауға болмайтынын еске салды.

Ведомство жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Каспийдегі қайғылы оқиға

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюінен 17 әскери қызметші Каспий теңізіне ағып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалған.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) және 465-бабы (кеме жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі