Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды

Маңғыстауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды

Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласы үшін тарихи оқиға орын алды: өңірде алғаш рет майіттік донор ресми тіркеліп, оның жүрегі ұзақ уақыт күту парағында тұрған науқасқа сәтті трансплантацияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық көпбейінді аурухананың директоры м.а. Берік Каунов донорлыққа келісім берген марқұмның отбасына ерекше алғыс білдіріп, бұл шешімнің үлкен адамгершілік пен зор ерліктің көрінісі екенін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, әлемдік тәжірибеде қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – адамзатқа тән ең жоғары ізгіліктің бірі. Бір донор алты адамға дейін өмір сыйлай алады.

Бұл оқиға – Маңғыстау медицинасындағы жаңа кезеңнің бастауы. Өңірлік трансплантология саласының дамуына серпін беріп, көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік ашатын маңызды қадам жасалды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.