KZNews.kz
Шоу-бизнес

Маңғыстау облысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Атамекен кентінде жаңа туған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тумба.kz" порталының мәліметінше, 3 мамыр күні кешке аймақтық полиция департаментінің кезекші бөліміне сәбидің өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, ақпаратты растады.

"Қазіргі уақытта баланың анасының жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді полицияда.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →