«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау облысында дәрігерлер түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адамның асқазанынан скальпель алып шықты - Қазақстан жаңалықтары

Маңғыстау облысында дәрігерлер түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адамның асқазанынан скальпель алып шықты - Қазақстан жаңалықтары

Маңғыстау облыстық ауруханасына түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адам түсіп, ішінің ауыратынын айтып шағымданған. Тиісті тексерулерден кейін дәрігерлер оның асқазанында скальпель барын анықтады. 

Бұл туралы «Лада» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Дәрігерлер бөгде затты ер адамның аш ішегінен алып шықты. Дәрігерлердің сөзінше, скальпельдің ұштары скотчпен оралған. Уақыт өте келе скотч ери бастапты.

«Дер кезінде көмек көрсетілмесе салдары қайғылы жағдайға алып келер еді», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда 12 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шаш, қаламсап пен скотч шыққан еді. 
 


stan.kz
Автор
Бауыржан