НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Мамандар қолды жиі жуу зиянды болуы мүмкін екенін айтты.
Sputnik радиосына сұхбат берген аллерголог-иммунолог Алексей Бессмертный тұмау маусымы кезінде қолды жиі жуу қажеттілік екенін жеткізді. Алайда арнайы гигиеналық құралды тым жиі қолданудың кері әсері болуы мүмкін.
"Жуынуға арналған құралдарды күніне алты-сегіз реттен артық қолдану зиян. Өйткені бұл ағзаны инфекциялардан қорғайтын тері қабатын жояды. Бұған қоса, тері бұзылады", – деді Бессмертный.