KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын отбасымен атап өтті

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған туған күнін жақын туыстарының ортасында атап өтті. Отбасылық мерекеден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

«15 қараша — біздің анамыздың туған күні. Арамызда болғаныңызға Аллаға мың шүкірлер, ғасыр тойыңызды көрсек арман жоқ. Алла қолдасын, анашым!» – деп жазды өнер иесі.

Жарияланған кадрлардан мерейтойдың шағын отбасылық дастарқан аясында өткенін байқауға болады. Кешке әулеттің жақындары жиналып, ақ жаулықты ананы ерекше құрметке бөлеген.

Мерекелік отырыста немере-жиендері де өнер көрсетіп, ән айтып, әжелеріне музыкалық тарту жасады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →