KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мәһрге 2 мың кітап сұраған актриса көпті таңғалдырды

KZNEWS

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова мәһрге не сұрағысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, ол бұл кітаптарды ұрпақтарына қалдырғысы келеді.

"Көбі көлік, үй сұрап жатады. Менің арманым - үлкен кітапхана жасау. Мен шамамен кітапхананың қандай болатынын білемін. Маған 2 мың кітап берсе екен деймін. Әшейін кітап емес, бір сирек кітаптар берсе. Басты мақсат - бір күнде беру емес, жылдар бойы бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты болашақта балаларымызға, немерелерімізге беру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша жақсы кітаптар сыйласа екен",  дейді актриса.



Желі қолданушылары актрисаның бұл шешімін қолдап пікір жазған.
"Міне, жақсы адам", "Ақылды қыз! Жарайсың, қызым", "Өте тамаша", - деп жазған олар.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары