Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадина Рашидқызының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист Жан Ахмадиев марқұмды жерлеуге дайындауға қатысқан әйелмен сұхбаттасқан. Оның сөзінше, Мадинаның жақындары жетпей тұрып жаназа рәсімін өткізуге әрекет жасалған.
"Біз келмей жатып жаназасын шығармақ болған. Оған қарсы болдық. Мәйіт жатқан жерге өзіміз кірдік, бастапқыда бізді кіргізбеуге тырысты. Анасына денесін ашып көруге дайынсың ба деп сұрадым. Денесінде сау жері жоқ еді. Көгерген, жырылған жерлері болды", – дейді әйел.
Ол марқұмның денесіндегі жарақаттарға байланысты оның өліміне күмән келтіретінін де айтқан. Алайда бұл – туыстар тарапының мәлімдемесі. Оқиғаның нақты мән-жайын тергеу анықтауы тиіс.