«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәди Ахметов: Жан-жаққа тартпай, Тоқаевтың кандидатурасын қолдайық!

Мәди Ахметов: Жан-жаққа тартпай, Тоқаевтың кандидатурасын қолдайық!

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Құрылтай өтті. Кандидат анықталды. Коалиция құрылды. Қадірлі достар, жыл басынан еліміздің саяси өміріне қан жүгіріп, ауқымды өзгерістер орын алуда. Өзгерісті өзінен бастаған @amanat.partiyasy күні кеше жаңа саяси тұғырнамасын қабылдап, стратегиялық мақсат міндетін айқындады. Алда үлкен саяси науқан, бірлігіміз сыналатын, елдің келешегі шешілетін жауапты кезең. Бұл асырасілтеушілік емес, баршамыз жан-жағымызда орын алып жатқан геосаяси жағдайды, қақтығыстарды көріп отырмыз. Сондықтан қазіргі құбылмалы әлемде біз ішкі тұрақтылықты сақтап, жарияланған реформалардың іс жүзінде жүзеге асқаның қамтамасыз ету үшін аманаттықтар ретінде Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдадық. Бастысы “Аққу, шортан һәм шаян” кейпіне енбей, жан-жаққа тартпай, мемлекетшілдік тұрғысынан ойлап, ұлт болып ұйысу аса маңызды", - деп жазды Мәди Ахметов өзінің инстаграм парақшасында.

Автор
Данияр