Сондай-ақ, Түркі дүниесіндегі мемлекеттер Қазақстан, Қырғызстан елдеріне де жаңа жобаларды әзірлеу үстінде. Сонымен бірге Қазақ елшілігі, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, ТҮРКСОЙ-дың басшылығындағы шараларға тұрақты қатысып отырамыз. Қазақ қандастардан (диаспора) құралған Ыстанбұлдағы қоғамдармен де жұмыс жасаймыз. Осы жылдың алғашқы жұмыс аптасында орталығымызға Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев, Бас хатшының орынбасары Мерей Мұқажан арнайы келді – деді Ержан Уәйіс.
Қорқыт ата елінен келген Сыр өңірі ардагерлер өкілі жылы қабылдау үшін және де аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтің жаңа жылдық құттықтауы әрі жаңа қызметіңізге сәттілік тілеген сәлемін жеткізді.
Өзіңіз соңғы 15 жылда жемісті еңбек еткен (Қызылорда облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімінің орынбасары, облыстық тілдерді дамыту басқарма басшысы қызметін атқарған) өлкеміз өткен жылды жақсы жетістіктермен аяқтады. Облыстың дамуына үлкен серпін берілді. Көне шаһардың орталығында Сыр дария өзеннің жағасында «Анаға тағызым» сарайы, монумент комплексі, жастар үшін «неке сарайы» ғимараттары іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында осы нысандарда болып, облыста қарқынмен басталған үрдіс үшін облыс басшысына оң баға берді. Халыққа алғысын білдірді.
Қазақстанның астанасы болған 100 жылдық тарихы бар Қызылорда да өнер ғимараты, мәдениет мекемелері, филармония үйі осы наурыз айында пайдалануға беріледі. Өткен жылы Қызылорда да «Түркі әлемі және Қорқыт баба» өнер фестивалына барлық Түркі тілдес мемлекеттердің өкілдері, Түркиядан арнайы ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев мырза қатысты. Ресей патшалығы заманында салынған осыдан 120 жылдық тарихы бар теміржол бекеті (Вокзал) де қайта жөндеуден өтуде.
17 елді мекенде денсаулық амбулотариялық бөлімшелер ашылды. 12 елді мекеніндегі ауылға табиғи көгілдір газ келді – деді, Серік Дүйсенбаев.
Я. Аймақта қарқынды жұмыстар атқарлып жатқанын әлеуметтік желіден көріп Қазақстанға, Қызылорда облысына қатысты Түркиядағы шаралардан ақпарат хабарларды жазып отырмын. Атқарылған істер аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының үлкен іскерлік қабілетінің арқасында. Басшылық мектебінен өткен реформатор. Мен аймақ басшысымен бірнеше жыл қызметтес әрі әріптес болдым. Құрметім ерекше, арнайы сәлемімді жеткізіңіз.
Ғимараттағы 100 фото-сурет және қолөнер бұйымдары көрмесімен танысты. Зейтұнбұрын ауданындағы ұлы ойшыл, Қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткіші жанында естелік суретке түстік.
Ержан Уәйіс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ақпарат: https://www.facebook.com/share/p/heoHutqjoEHusByf/?mibextid=I6gGtw