Lifestyle

М дыбысы мен әріпі - Ашық сабақтар - Bilim

М дыбысы мен әріпі - Ашық сабақтар - Bilim

(Ұ) Мата, маса, маймыл  дегенде басында қандай дыбыс естіліп тұр.

-М дыбысы

-Кәне, бәріміз М деп айтып көрейікші

- М  М  М қалай айтылып тұр?

-Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр...

М дыбысы қандай дыбыс?

-М дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Қай үйшіктің тұрғыны?

-Көк

Жарайсыңдар!

Оқулықпен жұмыс. Оқулықта баған түрінде берілген сөздерді буындап оқу.

мата       марал         алма        мал      адам

маса       томар         шама       мол      Марат

Арман   алма    отырма    сулама

(Т) «Кім тапқыр» ойыны.

І топ.  М дыбысынан басталатын сөздер айт.

ІІ топ. М дыбысы ортасында  келетін сөздер айт.

ІІІ топ. М дыбысы соңында келетін сөздер айт

ІV топ   Сөйлем құра. М дыбысы бар сөздерден.

Дескриптор:

М дыбысынан басталатын сөздер айтады;

М  дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер айтады;

М  дыбысы сөздің соңында келетін сөздер айтады.

М дыбыс бар сөздерден сөйлем құрайды.

(ҚБ) Кері байланыс.

(Ж) «Суреттер сөйлейді» әдісі.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/10/14/original/7f94bf6f4703604c343a7eb6eb28a5cc.jpghttp://belligrace.ru/media/f95c94c814c4434f6c3579f2b1ef514f.jpg  http://umm4.com/wp-content/uploads/2012/07/chetverostishiya-dlya-detej-1.jpg

1.Суреттердегі  сөздерді  атап буынға бөл.

2. Суреттегі заттарды байланыстырып сөйлем құрастыр.

Дескриптор:

Суреттерге қарап сөздерді атап, буынға бөледі.

Сөйлем құрастырады.

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.

Дереккөз: http://bilim-all.kz/

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz