Танымал блогер, көпшілікке «Супер папа Серік» атымен белгілі Серік Тілеулесов Жанәбіловтерге қолдау білдіріп, өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол қазіргі жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінетінін айтып, мұндай сәтте ең маңыздысы адамгершілікті сақтау екенін атап өтті. Блогердің пікірінше, қателік кез келген адамда болуы мүмкін және ешкім ондай жағдайдан толық сақтандырылмаған.
Серік Тілеулесов неге қоғамдағы барлық сын тек Ерболат пен Эльмираға бағытталып отырғанына да тоқталды. Оның айтуынша, дәл осындай курстарды басқа да блогерлер ұйымдастырып жүр.
Сонымен қатар, ол Жанәбіловтерді жақын танымаса да, олардың әрқашан ашық әрі мейірімді адамдар екенін байқағанын жеткізді. Блогер егер қателік кеткен болса, ол әдейі жасалмағанына сенімді екенін айтты.
Ол заң аясында жаза болуы мүмкін екенін жоққа шығармай, алайда біреудің тағдырын қирату немесе түрмеге жабу қаншалықты дұрыс екенін ойлануға шақырды. Әсіресе отбасы қайғыдан өтіп жатқанын ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Жазба соңында блогер әр жаңалықтың артында тірі адам тұрғанын ұмытпауға үндеп, қоғамды айыптаудан гөрі қолдау көрсетуге шақырды.