Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті

Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті

Ол өз үйінен уақытында шыға алмай қалған



АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болып жатқан өрттен Голливудтың атақты актрисасы Делис Карри қаза болды. Бұл туралы Kznews.kz агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.



95 жастағы актриса Лос-Анджелестегі өз үйінде өртке оранып, тірідей жанып кетті. Марқұмның сүйегі өрттен кейін бірнеше күннен соң табылды.

Актриса «Он өсиет», «Ағайынды блюз», «Леди блюз әнін айтады» және басқа да фильмдерде ойнаған.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Лос-Анджелес аймағында басталған орман өрттері штат тарихындағы ең ірі өрт болып саналады. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 16 мың гектардан асты. Кемінде 24 адам қаза тауып, 12 300-ден астам ғимарат, оның ішінде атақты адамдардың үйлері жермен жексен болды. Метеорологтар өрттің тез таралуына құрғақ және желді ауа райы себеп болғанын атап өтті.




Автор
Айбар

Журналист