KZNews.kz
Спорт

«Ливерпуль» АПЛ-дегі көшбасшылық орнын жоғалтып алды

KZNEWS

Англия Премьер лигасының 29-шы турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Эвертон» командасын жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Goodison Park Stadium-де өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Ливерпуль» турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын жоғалтып алды. Юрген Клопп шәкірттері 29 турдан кейін 70 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. Олар бірінші орынға шыққан «Манчестер Ситиден» бір ұпай артта тұр.


Дереккөз: prosports.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары