Тоғыз айға жуық уақыт бұрын Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат қаза болған еді. Оның өлімі үшін сотталған механик жақында бостандыққы шықты.
Айзат Әбдісаматтың өлімі үшін лифтер-механик Жарылқасын Ақжанов 4 жылға сотталып, Жаңабек -Сервис” пәтер иелері кооперативінің төрағасы Кенен Жаңабеков 4 жылға шарты түрде сотталды.
27 желтоқсан күні Жарылқасын Ақжановтың жазасы бас бостандығын шектеу деп өзгертілді. Апелляциялық шағымнан соң сот осындай шешім қабылдады.
Айта кетейік, оқиға 2018 жылдың 4 сәуірінде болған. Тұрғын үйдің жеделсатысына кірген анасы мен қызы қайғылы жағдайға тап болды. Бүлдіршін аман қалды, Айзат Әбдісамат оқиға орнында мерт болды.
Источник: Stan.kz