KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ләззат Танысбай жаңа қызметке келді

Мадияр

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "QAZAQSTAN" ұжымына жаңа басшыны таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Белгілі журналист Ләззат Танысбай "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ төрағасы болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

"Бүгін "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым. Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ләззат Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", - деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында. 

Сонымен қатар ол бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі. 


sputniknews.kz
Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →