Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ләйлә Сұлтанқызы: Пандемия менің де туыстарымның ішінен көп адамды алып кетті

Ләйлә Сұлтанқызы: Пандемия менің де туыстарымның ішінен көп адамды алып кетті

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус пандемиясы салдарынан көз жұмған туыстарының жаназасына бара алмағанына күйінді.

Одан бөлек, ақпарат өкілі күніге таныстарының қазасы жайлы хабарлардан көз ашпай, әбден қажыған. Ол әрбір отбасыға қайғы әкелген індет тезірек кетіп, әлемде шуақты күндер орнауын тіледі.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында аса әсерлі жазба қалдырып, онда өзінің ішкі жан тебіренісін жеткізген.


"13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы президент үндеуінде айтты. Бұл пандемия менің де туыстарымның ішінен қанша адамды алып кетті. Не жерлеуіне, не не жаназасына бармадым, көңіл де айтпадым деп анам отыр егіліп. Депрессия, стрессс, уайымның өзі адамды бір жақты қылып қояды. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой, десе де. Бәріміз дұғадамыз. Бұл күндер де өтер, кетер. Болашақтан бәрібір үміттіміз" , - деп жазды тележүргізуші.


Еске сала кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы елімізді жаулаған індет жайында ел күтпеген мәлімдеме жасаған болатын.

Ол бұл аурумен түбінде бәрі ауырып шығатынын айтып, отандастарын ағзаны "соғысқа" дайындауға шақырды. Ақпарат өкілі қауіпті дертпен күресу үшін не істеген тиімді екенін түсіндірді.

nur.kz

Автор
Айбар