Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Күзгі демалыс қашан басталады

Күзгі демалыс қашан басталады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бірінші тоқсан соңына дейін үш аптадай уақыт қалды. Тоқсан аяқталған соң оқушылар бір апта күзгі демалысқа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан — Sputnik. Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылар 28 қазаннан бастап күзгі демалысқа шығады.

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған оқушылар демалысының мерзімін бекітті. 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқиды және 30 күн демалады. Ал 1-сынып оқушыларына қыста қосымша каникул қосылып отыр. Сондықтан олардың оқу мерзімі - 33 апта.

Қысқы демалыс қашан басталады

Екінші тоқсан 4 қарашада басталады. Оқушылар қысқы каникулға 30 желтоқсан күні шығады. 2-11-сынып оқушыларында 30 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында демалыс болады. Ал 1-сынып оқушыларына ақпанда қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олар 30 желтоқсан – 8 қаңтар және 3-9 ақпан аралығында демалады.

Көктемгі демалыс қашан басталады

Оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурыз - 2 сәуір аралығына бекітіліп отыр. Төртінші тоқсан 3 сәуір басталады.

Ең ұзақ, яғни жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр