KZNEWS.KZ
Әлем

Курорттық қала маңында жеңіл ұшақ құлап, үш адам көз жұмды

Жарқын Омаров
Фото: видеодан алынды

Швейцарияның Вале кантонында Cirrus SR22T жеңіл моторлы ұшағы тауға соғылып, бортындағы үш адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz

Швейцарияның Вале кантонында Cirrus SR22T жеңіл моторлы ұшағы тауға соғылып, бортындағы үш адам қаза тапты.

Оқиға Лейкербад курорттық қаласының аумағындағы Флухальп аймағында болған.

Ұшақ Луганодан ұшып шығып, Сьон әуежайына аялдаған. Кейін Нидвальден кантонындағы Букс әуеайлағына қарай бағыт алған.

Сағат 16:00-ден кейін белгісіз себеппен ұшақ Флухальп аймағындағы таудың солтүстік беткейіне соғылған. Осыдан кейін аймақтағы адамдар қою түтін шыққанын байқап, құтқару қызметіне хабар берген.

Оқиға орнына үш тікұшақ пен екі құтқару маманы жіберілді. Алайда құтқарушылар ұшақтағы үш адамның да қаза тапқанын анықтады. Қаза болғандардың жеке басын ресми анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апат орнына Вале кантонының полициясы мен құтқару қызметінен бөлек, Лейкербад өрт сөндірушілері, Сьон әуежайының өрт сөндіру қызметі, Швейцарияның қауіпсіздік жөніндегі тергеу қызметінің (SESE) мамандары және Вод кантоны полициясының техникалық қауіпсіздік мамандары жұмылдырылды.

SESE ұшақ апатының себептерін анықтау үшін тергеу бастады. Қылмыстық тергеуді Швейцарияның Федералдық прокуратурасы Вале кантоны полициясымен бірлесіп жүргізіп жатыр.

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →