KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Күніне 60 мәйіт шығарады»: Ақтөбеде хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр

KZNEWS

Ақтөбе облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов WhatsApp жаңалықтар парағына түсініктеме беріп, Ақтөбеде туберкулезге қарсы диспансерде күніне 50-60 пациент өледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенджерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан шығарылатын 50-60 мәйіт туралы ақпарат тарататындығы анықталды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Хабарламаның авторын анықтау үшін шаралар қабылдануда», - деді Нұрмағамбетов.

Жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық кодекстің "274-бабы» "Көрінеу жалған ақпаратты тарату" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары