Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Күйеуі өзінен жүкті болған 17 жастағы әйелін асып өлтірді деп айыпталып жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Күйеуі өзінен жүкті болған 17 жастағы әйелін асып өлтірді деп айыпталып жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Манук Мурадян деген азамат 9 мамырда әйеліне зорлық-зомбылық жасағаннан кейін өзінен жүкті болған 17 жастағы әйелін асып өлтірді.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде жария болды.

Әйел 4 күн бойы өліммен күрескен, бірақ Санкт-Петербургтегі балалар ауруханасында қайтыс болды. Марқұмның салмағы 35 келі болды, тұрмысқа шыққанда салмағы 50 келі болған. Қыз күйеуінің ұрып-соғатыны туралы өзінің отбасы мен туыстарына бірнеше рет шағымданған.

Қыз қарапайым отбасында өмір сүрді. Әкесі Мәскеуге туыстарымен жұмыс істеуге кеткенде қызына құда түсіп келген екен.

Қыз күйеуінің отбасына бірнеше рет шағымданды, оны алып кетуді өтінді, бірақ анасы оған төзуге кеңес беріп, қайтып келсе ұят болады деп көндірген.

Өлімінен бір күн бұрын Лусина туыстарына 10 кг жоғалтқанын айтты. Үйден шығуға, айнаға қарауға қорқатынын жеткізді.

Манук үйге келмей, көңілдесімен бірге тұрды. Қыз оны үйге қайтару үшін қорқытпақ болады. Күйеуі өзінің көңілдесімен бірге келіп, Лусинаны ұрып мазақ етті. Әйелі есін жоғалтқанда Манук жедел жәрдем шақырып, қыздың психикалық ауруы бар екенін айтады. Оның өзіне қол жұмсамақ болғанын жеткізеді. 

Тергеу жүріп жатыр. Мануктың өзі кінәсін мойындамайды, ал оның ағалары қыздың психикалық ауытқулары туралы жалған анықтама беруде.


stan.kz
Автор
Еркебұлан