Әлеуметтік желілерде ерекше ерлі-зайыптылардың тойдағы видеосы тарап кетті. Ерекше деуіміздің себебі де бар. Күйеу жігіттің бойы қалыңдықтан 15 сантиметрге аласа екен.
"Білмеймін неге екенін, мүмкін қорықтым ба? Бірақ онымен сөйлескім келіп тұрады. Өте сондай жарқын, қызық адам. Оны шынайы өмірде көрмесем де бұрыннан танитын жақын адамымдай қабылдадым. Көп ойланып, кездесуді жөн көрдім. Шыны керек, алғашында аздап шошып кеттім. Ішімнен "мен не істеп жүрмін, ата-анам білсе не болады?" деген ойлар кетті. 5 минуттай жүріп үйге кетіп қалдым",- деді Гүлзат Әуезбекова.
"Достарым алғашында "өтірік қой иә" деп біраз уақыт сенбей жүрді. Тіпті "ұят емес пе, әп-әдемі жігіттер толып тұр ғой" деп айтқандар да болды. Шүкір, Ғалымжан да әдемі жігіт негізі. Бұл кісі менің маңдайыма жазылған тағдырым деп білемін. Кім не айтса да айта берсін. Бастысы, Аллаға шүкір біз бақыттымыз!", - деді жас келін.
"Шынымды айтсам, оның көңіліне қарадым. Көңіліне тиіп кете ме деп уайымдадым. Ал бойының кішкентай болуы ешқандай да тұқым қуалаушылық емес. Үйде барлығының бойы ұзын" деп сөзін жалғады ол.
"Пікірлерді оқып шықтым. Үлкені бар, кішісі бар адамның ойына келмейтін сөздерді жазыпты. Мен сіздерге ренжімеймін. Жәй ғана бізге шын ниеттеріңізбен бақыт тілеп қойсаңыздар екен. Сіздерге тілерім тек жақсылық, сіздер де бақытты болыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алла жар болсын бәрімізге! Егер адам шынымен бір адамды ұнатып жақсы көрсе, сол адам қандай болса да толықтай қабылдай алады. Менің жолдасым мен үшін ешқандай кемшілігі жоқ пәк адам",-деді 22 жасар келін.