KZNews.kz
Жаңалықтар

"Күйеуімді сағындым": Роза Рымбаева марқұм жолдасын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
YouTube/ Dinara Satzhan. Суретте: Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов

Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Роза Рымбаева өмірлік серігі, талантты музыкант Тасқын Оқапов туралы тебірентер естелік айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жұбайының өмірі мен шығармашылығына қосқан үлесін ерекше ризашылықпен еске алды.

"Күйеуімді сағынамын. Жалғыздық деген тек қана өмірде емес, өнерде де бар. Әрине, менің өнеріме ғашық адамдар бар. Бірақ мен оның бәрін Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім. Тіпті сондай адамды іздемедім. Екі балама өзім әкемін, өзім шешемін. Қазір немерем бар. Осы деңгейіме жетуіме, бар махаббатын, бар білімін арнаған – Тасқын. Тасқынмен кездеспегенде, мен бүгінде саханада жүрер ме едім?! Оны енді жасың өскен сайын түсіне бересің, түсіне бересің, түсіне бересің...", – деді Роза Рымбаева.

Тасқын Оқапов 1999 жылы, кенже ұлы дүниеге келерден бірнеше ай бұрын өмірден өткен. Ол қазақ музыкасына өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты композитор әрі дирижер болған.

Өнерлі ерлі-зайыптылардың екі ұлы бар. Үлкені Әли Оқапов – танымал әнші, биші және продюсер ретінде көпшілікке белгілі. Кенже ұлы Мәди Рымбаев та музыка саласында еңбек етіп, шығармашылық жолын жалғастырып келеді.

2023 жылы Роза Рымбаева әже атанды. Оның немересі Зейін — Әли Оқапов пен жары Ақерке Бүркітбайдың ұлы.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары